kz

RU
EN
KZ
«Астана» ФК ерекше қажеттіліктері бар балаларға қонаққа барды
22 қаң 2021

«Астана» футбол клубы «Parimatch Foundation» халықаралық қайырымдылық қорымен бірлесіп    «Нұрлы жүрек» ӘҚО КММ-гі ерекше қажеттіліктері бар балалардың көңілін аулап қайтты. 

 

 «Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов, сондай-ақ футболшылар Тигран Барсегян мен Мейрамбек Қалмырза балаларға жаңа SonyPlaystation ойындар жиынтығын, соның ішінде FIFA 21, пиццалар, сондай-ақ клуб логотипі салынған сыйлықтар  мен Parimatch тарту етті 

  

Кездесу аясында футболшылар балалармен  өз эмоцияларымен бөлісті, екі командаға бөлініп, FIFA 21 де ойнады. Екі команданың бірін Армения және «Астана» құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян, екіншісін клубтың футбол орталығының тәрбиеленушісі 18 жасар Мейрамбек Қалмырза басқарды. Шағын турнирдің қорытындысы бойынша достық жеңді! 

Кездесу соңында балалар «Астанаға» алдағы маусымда сәттілік тіледі!

Бас серіктес