– Өте сенімді ойнадық, ойын барысы қатты ұнады. Доппен әрекет етуіміз, алаң сапасына қарамастан көптеген мүмкіндік жасауымыз – бәрі жақсы болды. Біз 5:0 немесе 6:0 есебімен жеңуіміз керек еді. Қақпаға 20-дан астам соққы жасадық, 4 рет бағанаға тиді. Сәл ғана сәттілік жетіспеді, көптеген сәттер болды, бірақ оларды ертерек пайдалану керек еді. Бірінші таймда 45-минутқа дейін-ақ 3-4 гол соғуға болатын, ал екінші таймда да қаншама мүмкіндікті жіберіп алдық. Бұл бағытта әлі де көп жұмыс істеуіміз қажет.
Әрине, алаң сапасын да ескеру керек. Мен «Тобылда» 2021 жылы жұмыс істегенде-ақ оны ауыстыру жоспарланған болатын, басшылық бұл туралы айтқан, 2025 жылға да жеттік, бірақ өзгеріс жоқ. Командалар бұл жерде ойнағанда қиналатыны рас, себебі алаңның сапасы нашар. Дегенмен, жігіттер жарады, тез бейімделе алды. Өйткені мұндай жағдайда ойнау оңай емес, допты игеруге көп уақыт кетеді, ал қарсылас осы аралықта қорғанысын күшейтіп үлгереді. Бірақ біз ретін тауып, орталықтан да, қапталдан да шабуылдай алдық. Ең бастысы – жеңіске жеттік және барлық ойыншымыз жарақат алмады.
Енді ұлттық құрама ойыншылары өз командаларына қосылады. Осы орайда, Қазақстан құрамасына және бас бапкер Әли Әлиевке алдағы матчтарда сәттілік тілегім келеді. Біз болсақ, 15 наурызға дейін жаттығуларымызды жалғастырамыз. Себебі алда өте ұзақ үзіліс бар, құрамада ойнамайтын жігіттерге де бірнеше күн демалыс береміз.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ