Telegram-арнада 2024 жылдың үздік бапкерін анықтау үшін дауыс беру ұйымдастырылды. Бұл сауалнамада айқын басымдықпен «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян 47% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Екінші орынды «Атыраудың» бапкері Виталий Жуковский (16%) иеленсе, үшінші орынды Рафаэль Уразбахтин (11%) алды.
«Расында, Бабаян өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бірінші айналым сәтсіз болғанымен, команда берілмей, екінші айналымда өз тарихындағы ең үздік кезеңдердің бірін көрсетті. «Корвинулды» ірі есеппен жеңу (8:2) және «Браннға» қарсы керемет камбэк (3:0) қазақстандық футбол тарихында мәңгі сақталады. Бабаян командасын бір мүмкіндікті пайдаланып, Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығарған алғашқы бапкер атанды. «Астана» маусым бойы сырт алаңда ойнағанына қарамастан, Бабаян маусымның барлық міндеттерін орындап, 2024 жылдың үздік бапкері атағын лайықты түрде иеленді», - дейді GOAL.kz сайты.