– Есеп ірі болғанымен, ойын оңайға түскен жоқ. Әсіресе алғашқы таймда жағдай қиындап, таблода 2:1 болып тұрған сәтте қақпамызға қауіпті соққы жасалды. 2:0 есебінен кейін кейде ойыннан ажырап қалатынымыз бар. Дегенмен үзілістен соң мүлдем басқа қарқынмен шығып, өзімізге қажет нәтижеге қол жеткіздік. Бұл жеңіс ерекше маңызды болды, себебі «Жеңіске» қарсы ойындағы сәтсіздіктен кейін жанкүйерлеріміздің алдында абыройды қайтарғымыз келді. Чемпионаттағы үзіліске жақсы көңіл-күймен шыққанымыз қуантады. Енді жігіттер аздап тынығып алады – ауыр кесте, ұзақ сапарлар қажытты. Ұлттық құрамаға алдағы матчтарда сәттілік тілеймін, ал біздің ойыншыларымыз жарақатсыз оралсын деймін.
Бүгінгі жеңісті барша команда атынан жанкүйеріміз Нұрланға арнаймыз. Өткен жылы ол біздің ойынымызға бара жатқан жолда, өкінішке қарай, қайғылы жағдайда өмірден өтті. Бұл жеңіс – соның рухына арналды.