– Нәтижеге келетін болсақ, қарсылас жақта басымдық бар. «Бранн» – жақсы команда, плей-офф жолында Шотландия мен Нидерланд чемпионаттарының өкілдерін тізе бүктірді. Бірақ ертең өз алаңымызда, жанкүйерлеріміздің алдында ойнаймыз. Әрине, біз «Астана Аренаны» сағындық, бірақ соңғы ойындар көрсеткендей, Алматыда ойнап та, жеңіске жете аламыз, сондықтан ойынға сенімді түрде кіріп, сырт алаңда қалт кеткен мүмкіндіктерді іске асыру біз үшін маңызды болмақ. Әсіресе қоғаныстан шабуылға өткен кез және допты бақылауда ұстау. Ертеңгі ойынның маңызды тұсы осы болмақ. «Бранн» әрқашан шабуылға шығып ойнайды, бірақ бірінші матчты талдағаннан кейін біз ертең тәуекелге баруымыз керек екенін түсіндік.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ