– Әрине, өте қиын матч болды. Біз матч алдында «Витория» фаворит екенін айтқан едік. Бұл команда деңгейі жоғары және сапалы футбол көрсетеді. Шыны керек, бірінші таймда олар бізден жылдамырақ болды, кейбір компоненттерде бізге сергектік жетіспеді. Лига кубогының финалындағы 120 минуттық ойынның әсері сезіліп, көп күш жұмсадық. Жалпы, кей сәттерде сәттілік серік болды, бірақ 89-минутта гол жіберу өкінішті. Шынын айтқанда, қарсылас өз голына лайық еді, себебі олардың нақты мүмкіндіктері болды: бірде қақпашымыз құтқарды, бірде сәттілік көмектесті. Бірақ бізде де жақсы шабуылдар болды. Негізі, қарсыластың жоғары қорғау сызығымен ойнап, белсенді флангтарын қосатынын біліп, көп бос кеңістік болатынына дайындалдық. Бірінші таймда 3-ке 2 болып шабуыл жасаған үш мүмкіндігімізді пайдаланбадық. Екінші таймда да голға жеткізуге болатын жағдайлар болды. Біз екінші голды да салдық, бірақ өкінішке қарай, ол есепке алынбады.
Бұдан бөлек, бізге өз стадионымыздың атмосферасы жетіспеді. Кеше менен «Астана Арена» туралы сұраған болатын. Егер матч өз алаңымызда жанкүйерлердің қолдауымен өткенде, қарсылас өзін соншалықты жайлы сезінбес еді деп ойлаймын. Ішкі түйсігім айтады: біз бұл ойынды соңына дейін жеткізіп, жеңіске жетер едік. Себебі біздің аренада ерекше атмосфера мен қолдау бар, бұл баға жетпес нәрсе. Толы стадионда кез келген қарсыласқа оңай болмайтыны анық.
Жалпы алғанда, барлық матчтарын жеңіспен аяқтаған мықты командаға қарсы тең ойын үшін бір ұпайға қанағаттану керек шығар. Бұл олардың бірінші рет ұпай жоғалтуы. Енді алда үзіліс бар, содан кейін «Челсимен» болатын келесі матчқа дайындаламыз. Бұл – барлық жанкүйер асыға күтіп жүрген ойын. Біздің елге «Челсидей» жоғары деңгейлі қарсыласты алып келу – үлкен жетістік.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ