– Алғашқы минуттардан бастап біз жоғары қысым жасауға, өте қарқынды ойнауға тырыстық. Жылдам доп соқтық, жалпы бірінші тайм барлық жанкүйерге ұнады деп ойлаймын – әдемі голдар болды, ойын еуропалық деңгейде өтті, біз талап ететін нәрселердің барлығын бүгін көрсеттік.
Екінші таймда алғашқы 20-30 минутта, әдеттегідей ірі есептен кейін команда бастапқы қарқынын баяулатты әрі жоспарлы ауысымдар болды. Соңында тағы қарқын қосып, екі гол соқтық. Есеп, әрине, өте ірі, соған қарамастан қарсылас команда жақсы қорғанды, бар күшін алаңда қалдырды. Бүгін біз өзіміздің ең жақсы қасиеттерімізді көрсеттік және енді келесі матчқа дейін 5-6 күніміз бар. Алда Конференциялар лигасының матчы, мен жігіттерге бүгіннен бастап дайындалу керектігін айттым.
– Жаңадан келген ойыншылардың және 2+1 нәтижесін көрсеткен Нұрәлі Жақсылықтың ойыны қалай болды?
– Башич бабына келіп жатыр, әлі толықтай оптималды деңгейіне жеткен жоқ, бірақ жақын. Шамамен 70 пайызға дайын деп ойлаймын. Цамайға келсек, ол әлі дайын емес, бұл алаңда әлі жаттығу жасаған жоқ, оны біртіндеп формаға келтіру керек. Оған қажетті ойын уақыты берілді, өйткені жаттығумен ешқашан ойын ритмін толықтыра алмайсың. Оның әлі ауыр екенін, аяқтарының тыңдамай жатқанын байқауға болады.
Нұрәлі бүкіл апта бойы жақсы еңбек етті, ол негізгі құрамда шығуға лайық болды. Мен оған: «Ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ, біз сенен талап ететін футболды жай ғана ойна» дедім. Оның бәрі жақсы шықты, мен оған шын жүректен қуаныштымын.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ