«Астана» футбол клубының Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Директорлар кеңесіне Ибрагим Ақдрашевтің орнына Мәлік Хасенов тағайындалды.
Мәлік Темірғалиұлы – іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында мол тәжірибеге ие маман. Ол 2019 жылы Астанада хоккейден Әлем чемпионатын ұйымдастырған штабтың жетекшісі болды, сондай-ақ 2018–2020 жылдары Астана қаласы Футбол федерациясының президенті қызметін атқарды.
Атқарған ілкімді істері үшін Мәлік Хасенов мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» марапатымен наградталған.
Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі білімі, тәжірибесі мен құзыретіне сүйене отырып, клубымыздың дамуына оң үлесін қосады деп сенеміз.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ