kz

RU
KZ
Қайсар Бекенов – клубтың трансферлері туралы
«Астана» футбол клубының Бас директоры Қайсар Бекенов трансферлер бойынша пікір білдірді.
00:00, 11 шіл 2025

– Жазғы трансферлік кезең – команда құрамын нығайтып, алдымызға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған салмақты әрі стратегиялық шешімдерді талап ететін уақыт. Осы орайда, Арман Кеңесовке, Ннамди Аханону мен Эльхан Астановқа клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Олар тұрақты ойын тәжірибесін жинақтап, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жалға берілді. Үшеуі де біздің клубтың толыққанды ойыншысы екені рас, біз олардың ойыншы ретінде дұрыс дамуын мұқият бақылап отырамыз.

Сонымен қатар, біз Иван Башич пен Дритон Цамайды «Астана» сапында көруге қуаныштымыз. Бұл – әлеуеті мықты, құлшынысы жоғары футболшылар. Олар командаға маңызды бағыттарда жаңа серпін беріп, ойын сапасын арттырады деп сенеміз. Жаңа ойыншылар ұжымға тез бейімделіп, маусымның қалған бөлігінде оң әсерін тигізеді деген үміттеміз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес