fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Константин Котов: «Алаңға шығып, жақсы ойын көрсеткені үшін бәрін құттықтаймын»
«Астаналық» жастар құрамасының бас бапкері Константин Котов «Игілікпен» өткен ойын жайында өз ойымен бөлісті.
28 мам 2022

– Константин мырза, жеңіс құтты болсын! Елордада өткен ойында тәрбиеленушілеріңіз қаратаулық командадан 5:2 есебімен басым түсті. Кездесу жайында не айтасыз?

– Құттықтауларыңызға рахмет! Жақсы нәтиже көрсеттік, бұл дегеніміз ойыншылардың өзіне, жаттығу процесіне дұрыс әрі үлкен жауапкершілікпен қарауының көрінісі. Команда кәсіби деңгейде ақырындап өсіп келеді, өз-өздеріне деген сенімділігінің күн санап арта түсуі арқасында осындай жақсы нәтижеге қол жеткіздік.

– Ойынға қарап, екінші таймда ойыншыларды алмастыруда дұрыс шешім қабылдағаныңызды байқадық. Соңғы екі голды екінші таймда алаңға шыққан ойыншылар салды.

– Жігіттер жарады, лайықты өнер көрсетті. Алаңға шығып, барын салып, өзін көрсете білген жігіттерге алғыс айтамын. Негізгі құрам футболшыларын алмастырған жігіттер ғана емес, бүгін ойынға қатыса алмаған бар ойыншыға алғыс айтқым келеді. Қайталап айтам, команданың әр мүшесінің, жалпы бәрінің жаттығу процесіне және командаға деген қарым-қатынасы кәсіби деңгейде. Сол үшін оларға зор алғыс!

Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

Бас серіктес