fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Константин Котов: «Өзімізге деген сенімділік артып келеді»
«Астана» клубының жастар құрамының бас бапкері Константин Котов «Шахтер-Болатпен» өткен ойын нәтижесі туралы өз пікірімен бөлісті.
23 мам 2022

– Константин мырза, жеңіс құтты болсын! «Шахтер-Болатты» 4:2 есебімен ұттыңыздар. Команданың ойыны мен алаңдағы өнерін қалай бағалайсыз?

– Құттықтауларыңызға рахмет! Бұл кездесуге дайындалдық, жалпы әр ойынға мұқият дайындаламыз. Команда жақсы ойнады, керемет сәттерді ұйымдастырып, мүмкіндіктерді дұрыс қолдана алды. Бізге ойын стилі ұқсас қарсыласпен футбол алаңында кездесу өткізу әрқашанда қызық.

– Қазір команда турнир кестесінің ортасында келеді, нәтиже жаман емес. Дивизионда бір сатыға көтеріліп, Бірінші лигада өнер көрсетуі қалай?

– Команда жаңа лигаға үйренісуі үшін өзіңізды дұрыс әрі кәсіби тұрғыда бағыттай білгеніңіз жөн. Әр іске зор құрметпен, махаббатпен кіріссеңіз, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Қазір біз 6 турды артқа қалдырдық, өткізген әр ойын сайын кәсіби шыңдалып, өзімізге деген сеніміміз артып келеді.

Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

Бас серіктес