kz

RU
EN
KZ
Рахат Маратов –«Астана-М» - «Тобыл-М» кездесуінің үздік ойыншысы
30 қыр 2020

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясы Екінші Лига аясындағы «Астана-М» - «Тобыл-М» арасындағы кездесудің нәтижелерін жариялады. Осы көрсеткіштер бойынша елорда командасының қорғаушысы Рахат Маратов үздік атанды. 19 жастағы қорғаушы жекелей тартыстың 86%-да жеңіске жетіп, екінші қабаттағы тартыста 100% нәтиже көрсеткен.
Екінші орында тағы бір қорғаушы Бауыржан Ахаев. Оған қарсы қарсылас ойыншылары үш мәрте тәртіп бұзған, сондай-ақ допты тартып алу көрсеткіші бойынша үздік нәтиже көрсетті.
Үздік үштікті Самат Мәжит түйіндеді.

Интстат Индекс бойынша үздік бестік:
1.Рахат Маратов 209
2.Бауыржан Ахаев 207
3.Самат Мәжит 202
4.Мейрамбек Қалмырза 191
5. Нагда Бакижев 183

Бас серіктес