kz

RU
EN
KZ
Санжар Шураханов: «Маусым ерекше болды» 
31 қаз 2021

«Астана» жастар командасының жартылай қорғаушысы Санжар Шураханов «Астана» - «Тұран» кездесуінде марапат табыстау рәсімі мен маусым қорытындысы жайында өз ойымен бөлісті.

– Санжар, команданы чемпионаттың күміс жүлдегері атануымен құттықтаймыз. Бұл маусым команда үшін қалай өтті?
– Құттықтауларыңызға рахмет! Мен де ерен еңбегі үшін команда мен жаттықтырушыларға алғыс айтамын. Маусым жарқын эмоциялар, әсерлерге толы болды. Әрине, сәтсіздіктер де орын алды. Спортта бәрі де болады. Дайындықты күшейтеміз, келер жылы есе жібермей, жеңіске жетеміз.

– Бүгін матч үзілісі кезінде өткен марапаттау рәсіміне қатысып, күміс медаль тақтыңыздар. Осы сәт, марапаттау рәсіміне тоқталып, өз ойыңызды айтсаңыз?
– Марапаттау рәсімі жанкүйерлердің қолдауы мен құттықтауы арқасында жоғары деңгейде өтті. Осындай ерекше сәттер мен мүмкіндіктер үшін клуб басшылығы мен жанкүйерлерге команда атынан мың алғыс жолдаймын.  

– Осы маусымда бірнеше рет негізгі құраммен ойнап, жаттығып жүрдің, бапкер де жетістігіңе оң бағасын берді. Өзің үшін маусым қалай болды? Негізгі құрам сапына өту үшін не істеу керек? 
– Жақсы мүмкіндік үшін бас құраманың жаттықтырушылар штабына алғыс айтамын. Маусым мен үшін қарама-қайшылықтарға толы күйде аяқталды: жақсы да, жаман да емес. Негізгі құрам сапында өнер көрсету үшін күн-түн демей дайындыққа ерекше көңіл бөліп, бар жағынан өзімді шынықтырып, шыңдау басты мақсатым.

Клубтың бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
 

Бас серіктес