kz

RU
EN
KZ
Сапар Қарынбаев: Әлі де атқаратын жұмыстар бар дегенмен, жақсы тұстарымыз да аз емес
10 сәу 2024

Жаңа маусымдағы алғашқы матчқа - «Алтай Жас» командасына қарсы өткен матч жайында «Астана Жас» командасының бас бапкері Сапар Қарынбаев пікір білдірді:

«Жалпы команда ойын жоспарын орындады, басымдық танытты, мүмкіндіктер жасады, бірақ оларды іске асыра алмады. Бәлкім, бұл толқу болар, бірінші ойын, біз оған психологиялық тұрғыда төтеп бере алмадық. Жұмыс істеу керек, жетілдіретін нәрсе бар, бірақ жақсы тұстар да жеткілікті. Шеттетілу? Біз міндетті түрде ұжым ішінде әңгіме-дүкен құрып, мұндай жағдайларды болдырмау үшін шаралар қабылдаймыз. «Астана» футбол клубының талаптары өте жоғары, лайықты аяқдоплшыларды тәрбиелейміз, олар әлі жас және қызу, біз оларды эмоцияларын басқаруға және бар күшін ойынға бағыттауға үйретеміз».

Бас серіктес