kz

RU
KZ
Саян Хамитжанов: «Астана» тарихты қайта жаңғыртты»
30 там 2024

«Астана» футбол клубының басшысы қазақстандық жанкүйерлерді елордалық команданың «Браннды» жеңіп, УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жолдама алуымен құттықтады.

– «Астана» тарихты қайта жаңғыртты! Біз ел футболының тарихында тартысты «чемпиондар жолынан» бастамай-ақ, еурокубоктың топтық кезеңіне шыққан алғашқы клуб атандық! Бұл құнды да айтулы оқиға. Әрбір ойыншыға, жаттықтырушылар штабына, клуб әкімшілігіне, демеушілерге және командаға соңына дейін сенім артқан барша жанкүйерге алғыс айтамын. Бұл – бәрімізге ортақ үлкен жеңіс! Бүгін Қазақстан футболының мерейлі мерекесі!

Ендігі міндетіміз – топтық кезеңде лайықты өнер көрсету және Қазақстан чемпионатындағы күрес жолын жалғастыру. Бұның бәрі ертеңнен басталады, ал бүгін «Астана» үшін тақымын қысып, үмітін үкілеген әрбір жанның жақсылап тұрып тойлайтын күні! 

Бұл жеңіске Конституция күні қарсаңында қол жеткізгеніміз тіптен ғажап! Ендеше, бұл жеңісті Қазақстан халқына мереке құрметіне тарту деп нық сенімен айта аламыз!

Бас серіктес