kz

RU
KZ
Саян Хамитжанов «Қайратты» жеңісімен құттықтады
«Астана» футбол клубының Директорлар кеңесінің төрағасы Саян Хамитжанов УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Олимпиядан» басым түскен «Қайрат» футбол клубын құттықтады.
21:55, 15 шіл 2025

– Алматылық команданы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің екінші айналымына шыққанымен шын жүректен құттықтағым келеді. Бұл – еурокубоктың топтық кезеңіне апаратын жолдағы алғашқы, бірақ өте маңызды қадам.

Ел чемпионатында біз бәсекелес болғанымызбен, Еуропада ортақ мақсат үшін күресеміз. Сондықтан бүгін кешке мыңдаған қазақстандықпен бірге мен де теледидар алдына отырып, алматылық клубқа жанкүйер болдым!

«Қайраттың» бұл жеңісі еурокубоктардағы басқа да қазақстандық клубтарға жақсы серпіліс береді деп сенемін. Осы аптада «Ақтөбе» мен «Ордабасы» клубтары да жанкүйерлерін қуантады деп үміттенемін! Алға, Қазақстан!

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес