kz

RU
KZ
Саян Хамитжанов «Қайратты» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққанымен құттықтады
00:49, 27 там 2025

«Астана» футбол клубының Директорлар кеңесінің төрағасы Саян Хамитжанов «Қайратты» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алуымен құттықтады.

– «Қайрат» футбол клубы мен бүкіл қазақстандық футбол әлемін шотландиялық «Селтикке» қарсы тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Алматылықтар айды аспанға шығарып, өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұл тек бір клубтың жетістігі ғана емес – бұл ел футболының жеңісі. Ол Қазақстанның Еуропаның басты аренасында өз сөзін айта алатынын дәлелдеді. Алда жаңа сынақтар мен ұлы ойындар күтіп тұр, ал бүгін – бүкіл ел үшін мақтаныш күні. Браво, «Қайрат»!

Бас серіктес