«Астана» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы Саян Хамитжанов «Қайрат» футбол клубын УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығуымен құттықтады:
– «Қайрат» футбол клубын және бүкіл қазақстандық футболды братиславалық «Слован» клубын жеңуімен құттықтаймын.
Алматылықтар мызғымас мінез танытып, ұзақ жылдан кейін тұңғыш рет Чемпиондар лигасының гимнін Қазақстанға алып келді! Алда – «Селтик» және Еуропаның басты клубтық турнирінің плей-офф кезеңі!
Бұл нәтиже бүкіл футболымызға үлкен серпін беріп, сапалы қадам жасауға бастау болатынына сенемін. Браво, «Қайрат»!