kz

RU
KZ
Вороговский – «Лозаннамен» болатын матч туралы
«Астананың» қорғаушысы Ян Вороговский «Лозаннаға» қарсы матчқа дайындық туралы айтты
16:22, 14 там 2025

– Алғашқы ойынымыз сәтті бола қоймады, бірақ осы аптада жақсы жұмыс істедік, қателіктермен жұмыс жасап, ойынды талдадық. Келесі кезеңге өту үшін барымызды да, жоқты да салуға дайынбыз.

«Лозаннаның» ойыншылар тобы мықты, біз мұны білеміз. Бірінші ойында жеке қателіктер жібердік. Барлық құпияны ашпаймын, бірақ біз дайынбыз.

«Қайрат» клубын Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққанымен құттықтағым келеді. Бұл – қазақстандық футбол үшін үлкен жетістік.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес