«Астана» футбол клубының негізгі құрамы қысқа үзілістен кейін маусымның қорытынды бөлігіне дайындалу мақсатында, Алматыдағы жаттығу процесін қайта бастады.
Негізгі құрамға маусымда ойнайтын футболшылардан бөлек, клуб жүйесінен он жас футболшы келіп қосылды.
Екінші Лигада ойнайтын «Астана-М» сапынан қорғаушы Әлім Қайырлы (2000 ж), Самат Мажит (2000), Әділжан Дүйсембаев (2001), жартылай қорғаушылар Бауыржан Ахаев (2001), Мейрамбек Қалмырза (2002) және Нұржан Қуанышкалиев (2000) негізгі құрамға келіп қосылды.
Сондай-ақ, командамен бірге осы маусымды өзге клубтарда жалда өткізген футболшылар жаттығатын болады. Олар: қақпашы Владислав Саенко (2000 ж , «Ақжайық», 12 игр, 12 гол жіберген), қорғаушы Теңізбай Абдурахманов (2002 ж, «Арыс», 1 ойын), жартылай қорғаушы Руслан Махан (2000 ж, «Байқоңыр» 7 ойын) және шабуылшы Владислав Прокопенко (2000 ж, «Ақтөбе», 10 ойын, 2 гол).