Екібастұз футболының түлегі. Алғашқы бапкері – Е. Н. Скоробогатский. Екібастұздың «Батыр», «Экибастузец» және «Энергетик-2» клубтарында ойнаған.
2009 жылдан бастап Павлодардың «Ертіс» клубында өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2011 жылы Астананың «Локомотив» командасына ауысып, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. 2012 жылы «Ертіске» қайта оралып, командамен бірге ел біріншілігінің күміс жүлдегері және Қазақстан Кубогының финалисі атанды.
2014 жылы елордалық «Астана» клубына ауысып, командамен қатарынан алты рет Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ төрт Суперкубок пен бір Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
2011 жылдан бастап Қазақстан ұлттық құрамасына шақырыла бастады.