kz

RU
KZ
Қайсар Бекенов Бас директор қызметін босатты
«Астана» футбол клубы Бас директор Қайсар Бекеновтің отбасы жағдайына байланысты өз қызметінен кететінін хабарлайды.
15:00, 12 мау 2026

Қайсар Рауфұлы клубта 2013–2019 жылдары, «Астананың» алтын дәуірі кезеңінде басшылық қызметтерді атқарды. Ал 2024 жылы клубқа қайта оралып, 2025 жылы Бас директор қызметіне тағайындалды. Қайсар Рауфұлы «Астана» футбол клубының дамуына және оның еліміздегі әрі халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне елеулі үлес қосты.

Клуб ұжымы атынан Қайсар Рауфұлына кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және «Астана» футбол клубының дамуына қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта отбасына амандық, бақ-береке, жақсылық және барлық жаңа бастамасына толағай табыс тілейміз!

Бас серіктес