kz

RU
EN
KZ
Эмблема
Бидай масақтарынан жасалған шоғыр
Біздің қаланың тарихы астық өлкесі екендігін білдіреді. Чемпиондар шоғыры - жеңісті бейнелейді! 
Қалқан белгісі
Қорған, жеңіс, даңқ және ар-намыс белгісі.
Екі Жұлдыз
Бұл команданың ҚПЛ-дағы алты жеңісін дәлелдейтін чемпиондық жұлдыздар.
Қала аты және негізі қаланған жыл
Клубты ішкі және халықаралық аренада ұсынатын қаланың аты. 2009 - “Астана” футбол клубының құрылған жылы.
«Астана» футбол клубының жаңа логотипі құрастырылды

Логотиптің келбетін өзгерту бойынша жұмысты аяқтаған шығармашылық топ түс гаммасын, сондай-ақ негізгі элементтерді – astana football club жазуы мен футбол добын қалдыруды ұйғарды.​

Тарихи дәстүрді жалғастыру мақсатында бұрынғы таңбадағы түстер қалдырылды. Өйткені, көк түсті бүкіл түркі жұрты қасиет тұтады, әрі ол дархан Қазақстанның ашық аспанының, бақ-берекесінің символы. Осы элементтер жеңіс, қорғаныс, атақ пен даңқтың белгісі болған қалқанға орналастырылды.

Сондай-ақ, логотипке клубтың негізі қаланған жылын, Нұр-Сұлтан жазбасын қосу туралы шешім қабылданды. Себебі, «Астана» футбол клубы ішкі және халықаралық аренада қаланың намысын қорғайтын бірден-бір клуб екендігі баршаға аян. Бидай масақтарынан жасалған гүл шоғыры – біздің қаланың тарихи астық өлкесі екендігін білдірсе, сондай-ақ Қазақстан чемпионатындағы жеңістерді бейнелейтін чемпиондардың гүл шоғыры екендігін айқындап тұр.

Ал екі жұлдыз – бұл «Астана» футбол клубының 6 чемпиондығының дәлелі. Өйткені, Қазақстан Премьер-Лигасының регламенті бойынша клуб елдегі әрбір үшінші чемпиондық үшін өз логотипіне бір жұлдыздан қосуға құқылы.

​Клуб байқауға қатысқан барлық қатысушыларға ерекше алғыс білдіріп, жанкүйерлерді және клуб пен футболға немқұрайлы қарамайтын адамдарды сүйікті командаларының жаңа келбетінің өмірге келуімен құттықтайды!