Қайсар Рауфұлы 2013 жылдан 2019 жылға дейін клубта басшылық қызметтерде жұмыс жасады. Бұл — «Астана» клубының «алтын дәуірі» болатын. Ол командамен бірге ішкі біріншілікте барлық мүмкін трофейлерді жеңіп алып, Еурокубоктарда тарихи жетістіктерге қол жеткізді.
«Астана» — Қазақстан футболы тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы команда. Сонымен қатар, Еуропа лигасының топтық кезеңінен плей-оффқа өткен алғашқы қазақстандық клуб атанды.