«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ — әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі — ҚР Үкіметі. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды. 2010 жылдың 31 желтоқсанына қордың активы 12 815,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 1 741,3 млрд теңгеге өскен. Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету. Қордың ең жоғарғы басқарушы органы — жалғыз үлескер, ҚР Үкіметі. Басқару органы — Директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметін басқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқы аудит арқылы бақыланады. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы — Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы.
Қор дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай оператор болып табылады. Ұйым қайырымдылық көмек көрсетуге өтініштерді қабылдаумен, өңдеумен және талдаумен айналысады. Жобалар бойынша шешімдерді Қордың Қамқоршылық кеңесі қабылдайды.
"Олимпбет" букмекерлік кеңсесі Қазақстан Үкіметінің 06.01.2021 жылғы мемлекеттік лицензиясын алды. Букмекер спорт федерацияларымен ынтымақтық орнатып, ҚКФЛ-ды қолдау көрсетеді. Букмекерлік кеңседе ұтыс тігу мен төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған.