kz

RU
EN
KZ
«Астананың» Чемпиондар Лигасындағы қарсыласы 9 тамыз белгілі болады
26 мау 2020


Осыған дейін белгілі болғандай, «Астана» Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңін 2020 жылдың 18/19 тамыз күні бастайды.
Осы жылы іріктеу кезеңінің өткізілу жүйесінде айтарлықтай өзгерістер бар. Плей-офф кезеңіне дейінгі барлық кездесулер бір ғана ойынның нәтижесінде шешіледі.
Алғашқы кезеңнің жеребесі 9 тамыз күні өтеді. Дәл осы күні елордалық клуб ойынның қайда өтетінін және қай командаға қарсы ойнайтынын нақты білетін болады.
Айта кетейік, «Астана» осыған дейінгі жинаған рейтингі бойынша таңдаулылар себетінде болады.
Барлық қарсыластар Еуропа елдеріндегі чемпионаттар аяқталған соң, Чемпиондар Лигасының толық қатысушылары белгілі болады.

Бас серіктес