kz

RU
KZ
Абзал Бейсебеков: «Бізге босаңсуға болмайды»
«Астана» ел біріншілігінің 11-ші туры аясында талдықорғандық «Жетісуды» 3:0 есебімен жеңді. Ойын соңында аталмыш кездесуде үшінші голды соққан елорда командасының қорғаушысы Абзал Бейсебеков sports.kz респуб
28 қыр 2020

- «Жетісуға» қарсы ірі жеңіс – қарсылас осал болды ма, әлде команда өз ойынын таба бастады ма?
- Менің ойымша жағдай солай өрбіді. Ойын есебіне қарамастан, бұл кездесу оңай болған жоқ. «Жетісу» қорғаныста өте тығыз әрекет етіп, мүмкіндік болғанда алға ұмтылуға тырысты. Біз бұрыштамадан екі гол соқтық, содан кейін барлығы жеңіл болды. Біз үшін бұл өте маңызды жеңіс болды, әсіресе психологиялық тұрғыда.

- Талдықорғандықтарға қарсы кездесуден байқағанымыздай, «Астанаға» гол соғу әлі де оңайға түсіп жатқан жоқ. Неліктен деп ойлайсыз?
- «Астана» - соңғы жылдардағы чемпионаттың көшбасшысы. Бізге қарсы барлық командалар ерекше құлшыныспен ойнап, әрі қорғанысқа мән беріп, бос кеңістік қалдырмауға тырысады. Сондықтан да бізде гол соғу тұрғысында қиындықтар орын алып жатады. Бірақ біз жаттығу барысында барынша еңбектеніп, ойынның осы тұсын жақсартуға тырысып келеміз.

- Команда дәл қазір өз бабын тапты дей аламыз ба?
- Соңғы екі ойынның нәтижесін алып қарайтын болсақ, ол біздің команда үшін өте сәтті өтті. Дегенмен, бізге босаңсуға болмайды, ойыннан ойынға жылжып, өзімізге тиесілі ұпайда алуға тырысуымыз қажет.
- «Астана» еурокубоктердегі сәтсіздіктерді ұмытып, ең басы мақсаты – жетінші рет қатарынан чемпион атануға дайын деген тұжырым жасасақ дұрыс бола ма?

- «Будучностьке» қарсы кездесуде жеңіліп қалғанымыз өте өкінішті. Оны барлығы ұзақ уақыт бойы еске алатыны сөзсіз. Алайда, чемпиондық атаққа қол жеткізу міндетін бізден ешкім де алып тастаған жоқ. Сондықтан, бірінші орынды иелену үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.
- Турнирлік қашықтықтың тура ортасына келгенде «Қайрат» Сізденден 4 ұпай алда келе жатыр. Қалған 10 ойында осы айырмашылықты қысқарту мүмкін деп ойлайсыз ба?
- Әрине, барлығы да мүмкін. Оған қоса біздің «Қайратқа» қарсы өткізетін екі ойынымыз бар. Осы кездесулерде барлығы болмаса да, біраз нәрсе шешілері анық.
- Алдағы ойынды «Каспийге» қарсы өткізесіздер. Қаншалықты қиын болмақ?
- Қазір чемпионатта оңай ойын жоқ, кез келген клуб ұпай алуға қауқарлы. Біз оны өте жақсы түсінеміз және алдағы ойынға барынша жиналып, өзімізге тән футбол үлгісін көрсетсек, жеңіске жете аламыз.
- «Астана» 4 қазан күні 6-шы турдың кейінге шегерілген кездесуі аясында «Қайратқа» қарсы ойнайды. Сіздің ойыңызша, бұл ойын болашақ чемпионды анықтау мәселесінде қаншалықты маңызды болады?
- Мен жоғарыда айтып өткендей, «Қайратқа» қарсы кездесуде көп нәрсе шешіледі. Бұл Қазақстандағы нағыз дерби! Сондай-ақ, 4 қазаннан кейін құрама командалардың ойындарына байланысты халықаралық үзіліс басталады. Осы жағдайды ескеретін болсақ, барлық командалар үзіліске жақсы көңіл-күйде аттанғылары келетіні анық.
- Алматылықтарға қарсы кездесуден кейін ел чемпионатында құрамалардың ойындарына байланысты үзіліс орын алады. Осы үзіліс «Астанаға» пайдасын немесе зиянын әкелуі мүмкін бе? Сіз қалай ойлайсыз?

- Осы уақыт аралығында біздің жарақат алған футболшыларымыз қалпына келе алатындығына және жағдайдың өзгеруі футболшыларды психологиялық тұрғыдан жеңілдететінін ескерсек, үзіліс пайдалы болуы керек деп ойлаймын.
- Қыркүйек айы соңына жақындап қалды, алда ел чемпионатының тағы бір айналымы бар. Дәл осындай шиеленісті кестеде ойнау шаршатып жіберген жоқ па?
- «Астана» соңғы бес жылда осындай ойын кестесінде ойнап келе жатыр. Сондықтан, біз мұндай режимге үйреніп қалғанбыз.

Бас серіктес