«Астана» футбол клубының 27 жастағы қорғаушысы Абзал Бейсебековтың Алексей Щеткинге берген нәтижелі пасы, оның елорда командасы жейдесіндегі 20-шы нәтижелі пасы ретінде тіркелді.
Абзал екі голдық пасын Еуропа Лигасы аясында, тағы біреуін Қазақстан Суперкубогында, ал қалған 17-сін Қазақстан Чемпионаты аясындағы кездесулерде берді.
Бейсебеков нәтижелі пастар саны бойынша клубтың үздік-10 ассистенттер тізіміне еніп, ол жақта сегізінші қатарда тұр. Үздік нәтиже әлі де Фокси Кетевоамаға (51) тиесілі.
Қазіргі құрамда Абзалдан көп пас берген екі ғана ойыншы бар. Олар: Марин Томасов пен Дмитрий Шомко, екеуінің де еншісінде 47 нәтижелі пастан бар.