kz

RU
EN
KZ
Абзал Бейсебеков: «Жеңісті Людмила Анатольевнаға арнаймыз!»
28 сәу 2021

 

«Астана» «Ақжайықты» 1:0 есебімен жеңді. Матчқа қатысты елордалық команданың капитаны Абзал Бейсебеков пікір білдірді:

- Кеше біздің адал жанкүйеріміз Людмила Анатольевна Куфонина өмірден озды. Бүгінгі жеңісімізді сол кісіге арнаймыз. Ойынның өзіне тоқталсақ, оңай болмады, бірақ ең бастысы, маңызды 3 ұпайға қол жеткіздік. Ендігі ойымыз қалған матчтарда.

- Енді сырт алаңда Ақтөбе мен Таразға қарсы ойнайсыздар. Сіздіңше, осы матчтарда 6 ұпай ала аласыздар ма?

- Оны алдағы матчтар көрсетеді, не болса да ертеңнен бастап «Ақтөбеге» дайындықты бастаймыз. Команда алдындағы міндеттерге келетін болсақ, біз әр матчқа тек жеңіс үшін шығамыз.

Бас серіктес