kz

RU
EN
KZ
Абзал Бейсебеков: «Алда маңызды үш ойын бар»
«Астананың» капитаны Абзал Бейсебеков клубтың баспасөз қызметіне сұхбат беріп, «Қайратпен» өткен ойынның нәтижесі жайында айтты.
16 қаз 2022

– Матчтың нәтижесіне қарамастан, бұл біз үшін қиын ойын. Матчтың алғашқы 20 минутында жақсы ойнадық, кейін ойын қарқыны бәсеңдеп қалды. Ең бастысы, кездесу сәтті аяқталып, жеңіске жеттік. Астанадан келіп, бізді қолдаған жанкүйерлерге рахмет!

– Бастапқы құраммен алаңға шыққаныңызға өте қуаныштымыз. Қазір денсаулық тұрғысынан өзіңізді қалай сезінесіз?
– Құдайға шүкір, денсаулық жағдайым өте жақсы, алдағы уақытта да бәрі жақсы болады деген сенімдемін. Кішкентай жарақаттар болды, бірақ қазір формаға келуге тырысамын.

– Алда чемпионаттағы үш маңызды ойын бар. Ең басты мақсатқа жету үшін команда не істеуі керек?
– Иә, бізді үш маңызды ойын күтіп тұр. Осы үш матчта жеңіске жету керек және ол үшін бір команда болу керек, физикалық және психологиялық тұрғыдан ойындарға жақсы дайындалу керек. Қысымға қарамастан, алға ұмтылу керек.


«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес