«Астана» қақпашысы Александр Заруцкий Sputnik Қазақстан-ға берген сұхбатында - Таразға қарсы матч, бәсекелестік және Қазақстан құрамасына шақыру туралы.
- Біз жақсы ойнадық, үш жылдам гол соқтық, бұл бізге алға шығуға және матч бойы басым болуға мүмкіндік берді. Менің қақпамда барлық команданың жақсы үйлестірілген ойынының арқасында көп сәттер болмады, оларға кезекті кездесуді нөлде өткізгенім үшін рақмет. Бұл бізге өте қажет ұпайлар болды - енді біз Талдықорғанда ойнаймыз. Ол жерде алаң қиындау, оңай матч болмайды, бірақ бізге чемпион болу үшін әр ойыннан үш ұпай жинау керек.
- Сұхбат алдында сіз бүгінгі ойынға көңіліңіз толмайтынын айттыңыз. Нақты не нәрсеге?
- Мен бүкіл команда алдында аяқпен ойнағаным үшін кешірім сұрағым келеді. Қалай болғанда да, бүгін дұрыс болмады - келесі жолы бәрін реттейміз (жымиып).
- Қазақстан чемпионатының көшбасшысының бірінші нөмірі мәртебесінде болған қалай?
- Мен өзімді команданың нақты бірінші нөмірімін деп айта алмас едім. Бізде жақсы бәсекелестік бар - кім мықты, сол ойнайды. Дима Непогодов пен Данил Подымскийге бізде бар жылы және адал бәсекелестік үшін көп рақмет. Мен, әсіресе, Олег Игоревич Воскобойниковке («Астана» ФК қақпашыларының жаттықтырушысы - Sputnik) менімен жұмыс істегені және көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін.
- Қазақстан құрамасы жайлы ойыңыз бар ма?
- Мен онда болуды армандаймын. Мен шақыртуды күтемін - егер шақырса, ұлттық құрамаға жүгіремін (жымиды). Мен тек ұлттық құрамаға қосылғым келмейді - оның бірінші нөмірі болу мақсатым бар.