Алексей Щеткин Қазақстан чемпионатында 19 жасқа толуына аз ғана уақыт қалғанда, яғни 2010 жылы 7 мамыр күні «Жетісу» – «Ордабасы» (0:0) арасындағы ойында дебют жасады.
Ол өзінің алғашқы голын 2010 жылы 22 маусым күні Орал қаласында «Ақжайық» қақпасына соқты. Тіпті, Щеткин осы күні хорватиялық қақпашы Иван Гробовац қорғаған қақпаға дубль жасаған еді.
Алексей «Жетісу» сапында жалпы саны 84 ойын өткізіп, 15 гол соқты. Сондай-ақ, «Атырау» (19 ойын, 4 гол), «Тараз» (24 ойын, 7 гол), «Ақтөбе» (8 ойын, 6 гол), «Тобыл» (27 ойын, 10 гол) және «Ордабасы» (22 ойын, 7 гол) командалары сапында ойнады. Бүгінгі таңда «Астана» сапында 66 кездесу өткізіп, 14 гол соқты.
Жалпы Премьер-Лигада өткізген 250 ойында 63 гол соққан.