29 жастағы «Астана» шабуылшысы Алексей Щеткин 15-ші турда «Оқжетпес» (5:1) қақпасына гол соқты. Осылайша, ол Қазақстан Премьер-Лигасындағы голдар санын 65-ке жеткізді деп хабарлайды, KazFootball.kz сайтының тілшісі.
Алексей Щеткин Қазақстан Чемпионатында 2010 жылы 7 мамыр күні «Жетісу» - «Ордабасы» (0:0) арасындағы ойында дебют жасады. Ол өзінің алғашқы голын 2010 жылы 22 маусымда Орал қаласында «Ақжайық» қақпасына соқты. Щеткин дәл осы күні Иван Грабовац қорғаған қақпаға дубль жасаған еді.
«Жетісу» сапында 84 ойын өткізіп, 15 гол соққан. Сондай-ақ, «Атырау» (19 ойын, 4 гол), «Тараз» (24 ойын, 7 гол), «Ақтөбе» (8 ойын, 6 гол), «Тобыл» (27 ойын, 10 гол) және «Ордабасы» (22 ойын, 7 гол) клубтарының намысын қорғаған.
«Астана» сапында осы күнге дейін 69 ойын өткізіп, 17 гол соққан.
Жалпы Премьер-Лигада 253 кездесу өткізіп, 66 гол соққан.