kz

RU
KZ
Али Алиев: «Нәтиже маңызды, алайда жас әрі талантты ойыншыларымыздың өсуі одан да маңызды»
«Астананың» жастар командасының аға бапкері Али Алиев Olimpbet-Қазақстан Кубогы аясындағы «Акжайықа» (0:3) қарсы өткен ойын жайлы пікірін түйіндеді.
02 там 2021

— Али, Оралда толықтай жастармен ойнадық. Жалпы, «Ақжайықпен» болған кездесуге қатысты қандай қорытынды жасай аласыз?

— Иә, бәрінен бұрын, алдымен жас ойыншыларға осындай деңгейде, Премьер-лигада керемет ойнап жатқан командаға қарсы өнер көрсетуге мүмкіндік берген клуб басшылығына, бапкерлер құрамына алғысым шексіз.

Ойын аяқталғаннан кейін,  бас бапкер Андрей Валерийұлы Тихонов - осындай матчтарда ойнау арқылы футболшылардың деңгейі өсетінін, физикалық тұрғыда дамитынын айтты. Ойын қатты ыстық ауа-райында өрбіді және жас ойыншылар осы себепті бірінші таймнан кейін шаршап қалды, бірақ осы алғашқы таймды олар өте жақсы өткізді. Тек бұрыштамадан соғылған голды есептемегенде. Міндетті түрде ойынға анализ жасайтын боламыз және мен бұл ойында біз жеңілістен гөрі, жеңіске ие болдық деген сенімдемін. Әлбетте, нәтиже маңызды, алайда жас әрі талантты ойыншылардың өсуі одан да маңызды, дей тұрғанмен де олардың әрқайсысы және бапкерлік штаб «Астананың» жейдесін кигеннен кейін, үлкен жауапкершілік жүгін арқалағанын түсінуі керек. Клуб жейдесін кию арқылы футболшыларда жеңіске деген жігер оянуы қажет!

— Бүгінгі ойында өнер көрсеткен бір ойыншыны жеке дара бөліп атай аласыз ба?

— Ешкімді бөліп-жарғым келмейді, дегенмен бұрыштамадан кірген голды есептемегенде, біздің қақпамыздағы басқа стандартты жағдайлардың барлығында дерлік жеңіске жеттік.

Бас серіктес