kz

RU
KZ
Андрей Тихонов: «Қызықты ойын болады. Біз толығымен дайын болып шығамыз»
05 там 2021

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов КуПС-пен ойын алдындағы ой-пікірімен бөлісті.

— Ойынға толықтай дайын болып шығамыз. Әлбетте, қарсыласымыз оңай шағылатын жаңғақ емес: «Ариспен» салыстырғанда олар мүлдем бөлек футбол ойнайды, бірақ олар да жылдам ойнағысы келеді, оған қоса физикалық тартыстарға көп барып, қысым көрсеткенді жақсы көреді. Ертең қызықты матч болады, бұл қарымды қарсылас. Біздің жігіттер «Аристі» жеңгеннен кейін өздерінің жеңісті жігерлерін қалпына келтіріп алды.

Сонымен қатар, біздің құрамда мәселелер туындады — бұл Эбонгтың жоқтығы, ол бұлшық етін ауырсынғандықтан, елде қалдырып кеттік, денсаулыққа баса назар аударған жөн, себебі алда ойындар көп. Біз жылы жақтан, суық ауа-райына ауыстық, дегенмен мұнда жақсы алаң мен үлкен стадион бар.

— КуПС нағыз өзінің емес, нейтралды стадионда ойнайтынын есептегенде, қос командаға бірдей жағдайда ойнауға мүмкіндік береді деуге болады ма?
— Бұлай айту қиындау. Бәрібір, егер біз өзге елде ойнайтын болсақ, тіптен Қазақстанның басқа қаласында ойнасақ, бұны үйде ойнап жатқандай қабылдайтынбыз. Иә, матч айтарлықтай үлкен көлемді көрерменмен өтпейді, алайда олар өзінің отанында ойнайды, сондықтан, психологиялық басымдық оларда. Соңына ойнап, тырысып бағатын боламыз.

— Барлығына қызықты сұрақ: Марин ойнай алады ма? Өзін қалай сезінуде?
— Марин дайын. Ол Грекияда ойнай алмағанымен, қазір дайын, бізбен жаттығуға қатысты және ойнайтын болады. Біздегі жалғыз қиындық болып тұрған —бұл Макс Эбонг. Орталық алаңда ойынды жүргізуге — оның жоқтығы білінетін болады.

Бас серіктес