kz

RU
KZ
Андрей Тихонов: «Жеңіс үшін ойнайтын боламыз»
11 там 2021

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов Конференциялар лигасы іріктеу кезеңінің жауапты кездесуі алдындағы баспасөз жиынына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді.  

– Қызықты матч болады деп ойлаймын, себебі Финляндияда да тартысты әрі қиын ойын болды. Ұйымдастырған мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық және қисынға келмейтін гол өткізіп алдық, сонымен қатар КуПС-та белгілі бір уақыттарда басымдыққа ие болды. Үйде ойнау мен сырт алаңда ойнау – екі түрлі нәрсе. Жанкүйерлерсіз ойнау бізге кері әсерін тигізеді. Бізге олар анық жетіспейді. Бірақ біз жеңіс үшін ойнаймыз. 

– Бірінші мачта КуПС қандай қиындықтар туғызды? 
– Айтарлықтай қиындықтар емес шығар. Команда қазақстандық футбол секілді үш орталық қорғаушымен ойнайды. Мұндай командалардың әлсіз тұсын табу қиын, бірақ біз бұған үйреніп қалдық, себебі Қазақстанда тек санаулы командалар ғана  төрт қорғаушымен өнер көрсетеді. КуПС - ұйымдасқан өте жақсы команда. Олардың өткен маусымда Еуропа лигасында плей-офф кезеңіне дейін жеткенін жақсы білеміз. Оларда жақсы футболшылар бар, өзіндік ойын стилі бар. Әрине, оңай болмасы айдан анық, алайда бұған дейінгі «Арис» КуПС-тан мықтырақ секілді, соған қарамастан біз олардан өттік, сондықтан бұл қарсыласты да артта қалдыруға тиіспіз. Дегенмен бұл құр сөз, барлығы алаңда белгілі болады. 

– Ойыншылардың барлығы жарақаттан аман ба?
– Жоқ, бізде «Ариспен» ойынның басталуына сағат жарым уақыт қалғанда Томасов жарақат алды, одан кейін Эбонг КуПС-пен матчқа бір күн қалғанда қатардан шығып қалған болатын. Ал енді бүгін ештеңе болмайды деген үміттемін (күледі). Қазіргі сәтте бәрі жарақатсыз, ойынға тас-түйін дайын. 

– Қазір командада кім негізгі шабуылшы болып саналады? Форвард ретінде Барсегян, Айымбетов және Бечирай ойнай алады 
– Білесіздер ме, егер командада жиі алаңға шығып, жиі гол салатын шабуылшы болса, сол ойыншы негізгі атанады. Бірақ бізде үлкен бәсекелестік. Барсегян негізінен жартылай қорғаушы және қиындықтар туындаған соң, мен оны шабуылға қойдым. Басқа позицияда: мысалы, Эбонгтың шығуына байланысты Қуат ойнай алмады, ол ойын соңында шығып, ойынға үлкен дем берді. Егер ол негізгі құрамда шыққанда, біз ойынға қарқын қоса алмас едік. Сондықтан, тактикалық жағынан біз сауатты жұмыс істедік. Және сіздер «Қайсармен» ойынымызды көрдіңіздер, біз агрессивті ойын көрсеттік және ертең де осылай ойнауға тырысамыз. 

– Битри ертең гол соғуға дайын ба?
– Бастысы, өз қақпасына салмаса болды (күледі). Соқса соқсын, бізге кім гол салса да айырмашылығы жоқ. 

– Тигран Барсегян орталық шабуылшы ретінде ойнай отырып, өзінің көптеген ойын қабілеттерінен айырылып қалады деп ойламайсыз ба?

– Біз Финляндиядағы алғашқы ойынның маңыздылығына ғана мән бердік. Және тек қапталдағы шапшаң ойыншылар – Педро мен Томасовқа, оған қоса Барсегянның жылдамдығына сенім артып оны ортаға қойдық. Қарсыламыздың жоғары көтеріліп ойнайтынын біле отыра, осылайша жылдам шабуылшыларға ден қойдық. Өздеріңіз де осы үш ойыншымыздың гол салатын сәттері болғанын көрдіңіздер, алайда гол болмады. Және біз Барсегянның қапталда ойнайтынын жақсы білеміз, «Қайсармен» матчта ол өз позициясында ойнады. 

– Команда Томасовқа тәуелді болып қалды деп ойламайсыз ба?

– Мысалы, «Қайраттан» Вагнер Лавты алып тастайтын болсақ, олар тәуелді болып қала ма? Міне, әңгіме осыда. Біз бұл мәселені шешуге тырысудамыз. Ағымдағы маусымда Марин тепкен добының бәрі гол болатындай тамаша қабілетке қол жеткізді. Осыдан кейін, барша жанкүйерлер олан басқа ешкіп гол соқпайды деген пікірде жүр. Мұндай сәттер болып тұрады. Бізде оған қоса әр ойында шабуыл ұйымдастыратын Барсегян мен Педро бар. Педроға өзін сенімді сезіну үшін бар-жоғы бір гол салу қажет. Мен сіздің сұрақты түсіеіп тұрмын, бірақ біз жаттығуларда осыған жұмыстанып жүрміз.       

– Трансферлік нарықтағы жұмыстар не болып жатыр?

– Біз миллионерлер командасы емеспіз ғой (күледі). Қалаған ойыншыны сатып алатындай жағдайда емеспіз, ал тегін ойыншылар командалардың қарауында. 

– «Астана» еурокубок аясындағы қонақтағы матчтарын сәтсіз өткізіп жүр. Сіз қандай пікірдесіз? 

– Тағы да қайталаймын, бізге қарсы ойнаған командаларға қараңыздар. Біз тізе бүктірген «Арис». Өте күшті ұжым. Оның үстіне, Томасов болмады. Түздегі ойында басқаша такика өрбиді. Сен екі доп айырмасымен ұтып жатқанда, қорғанысқа көп көңіл бөлесің. Сондықтан Педро мен Тигран жылдамдыққа ойнады. Сол матчта жартылай қорғаныс нашар ойнады, міне осы себепті матч сәтсіз болды. Оған 18 мың жанкүйердің қысымын қосыңыз, ал біз көрерменмен ойнамағанымызға көпиуақыт болды. Жігіттер аздап өздерін жоғалтып алды.

– Соңғы уақыттарда Абзал негізгі құрамға енбей жүр. Сіздің оған көңіліңіз толмай жүр ме?

– Бізді абыржытатын себептер бар. Егер көңіліміз толса, ауыстырмас едік. «Ариспен» бірінші ойында Абзал қапталда керемет ойнады және нәтижелі пас берді. Ол өзін қапталда жақсы сезінеді деген ойдамын. 

– Заруцкий шыққан ойындарында өте керемет ойнап жүр. Қалай ойлайсыз, бұл қақпашылар арасындағы бәсекелестікті арттырды ма?

– Оның бұлай ойнауы – қақпашылармен жұмыстанатын бапкердің жемісі. Психологиялық сәттер өте маңызды, ол «Ариске» қарсы жауапты кездесуде команданы қиын сәттерде құтқарып қалды. Енді біз оның қолынан не келетінін білеміз. Саша аз ойнады, кубоктік ойында шығып, тамаша өнер көрсетті. Бұдан былай, біз де, жанкүйерлер де құрамымызда екі мықты қақпашы барына сенімді боламыз. Дізде өақпашылардың бапкері бар, сол кісі бәріне жауап береді, Диманың немесе Сашаның шығатынын да сол маман шешеді. 

– Сіз үшін әдемі футбол маңызды ма, әлде нәтиже маңызды ма?

– Нәтижесіз әдемі футбол ойнауға болады. Мысалы, жанкүйерлердің өтінішін орындап, кіл жастарды шығарып, үш ойында нөл ұпай жинайтын болсақ, олар не айтады? Әрине, нашар бапкер.

Жастарды бірте-бірте негізгі командаға тарту керек. Барлығы өз уақытымен. Оралда «Ақжайықпен» жастар ойнады – бір ғана қақпаға соққы бағытталған. Бізде біртіндеп Прокопенко, Басманов, Сағнаев шығып жүр. Менің ойымша, кез келген команда үшін нәтиже маңыздырақ. Біздің діттегеніміз - әр матчты ұту. Біз есе жібергіміз келмейді, құрамнан жаңылыспау керекпіз. Біз «Астанамыз», мы басқа командалар секілді емеспіз.

– Педроны плэймейкер позициясына қою жоспарыңызда жоқ па?

– Біз бұл жайлы ойладық, онымен ақылдастық та, оған бұл позиция таңсық емес. Алайда мен «Таразда» ойнау – бұл бір бөлек, ал «Астанада» ойнау бір бөлек екенін жақсы білемін. Ойыншылар деңгейі екі түрлі. Мұнда комананы да, футболды да сезіну керексің. Оған сенімділікке ре болу үшін, гол салу керек.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ​

Бас серіктес