kz

RU
EN
KZ
Андрей Тихонов: «Біз тек жеңіске жетуді ойладық, сол үшін тырыстық және жеңдік!»
14 сәу 2021

«Астана» Шымкентте «Ордабасымен» кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
 
Елордалық команданың бас бапкері Андрей Тихонов матч туралы өз пікірімен бөлісті:
 
- Бүгінгі сапасыз алаң екі командаға да кедергі келтірді. Мен шымкенттік ұжымның бас бапкерін тек жақсы жағынан білемін. Ол жаттықтыратын «Ордабасы» клубы техникалық, комбинациялық футбол көрсетіп жүр, оны осыған дейінгі матчтардан да, бүгінгі ойынның кейбір сәттерінен де байқауға болады. Мен матч алдында онымен сөйлестім, дәл қазіргі кезде алаңның сапасы нашар екеніне екеуіміз де келістік. Бұл, бірінші кезекте,  футболшыларға жақсы ойын көрсетуге кедергі келтіреді. Менің командама келетін болсақ, маған жігіттердің барынша беріліп ойнағаны ұнады. Команда біз жаттығуда не талап етеміз, соны алаңда көрсете білді. «Ордабасыға» қарсы матчтарға әрдайым жинақы әрі барынша тырысып ойнаймыз. Ең бастысы, қалған ойындарға да сондай көңіл-күймен шығу керек, қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Айта кету керек, команда бүгін бір бүтін болды, әрине, қателіктер де болды, дегенмен футболшылар команда екенін дәлелдеді. Бірінші тайм тең дәрежеде өтсе, екінші таймда басымдыққа ие болдық. Біреу мұны жай ғана сәттілік деп айтар, бірақ менің ойымша бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі. Біз бүгін тек жеңіске жетуді ойладық, сол үшін тырыстық және ақыры дегенімізге жеттік!
 
- Бүгін негізгі құрамның үш бірдей футболшысы, яғни Ароян, Эбонг және Совет болмады. Оларға не болды?
 
- Сағи «Атыраумен» болған матчта жарақат алды, Ароян ангинамен ауырып қалды, бұл туралы біз ұшайын деп жатқанда білдік, Эбонг та ауырып жатыр. Иә, бізде кей мәселелер бар, бірақ бүгін негізігі құрамда шыққан ойыншылар да, алаңға тыңнан қосылған футболшылар да өздерін жақсы жағынан көрсетті. Мәселен Абзалды алайық, бүгін ол орталық қорғаушы болып ойнады. Оның ұлттық құрамада орталық үш қорғаушының бірі болып ойнайтынын білеміз, бірақ екі позицияның функциялары өзгеше. Дегенмен ол осы позицияда өз міндетін жақсы орындап шықты. Мен бүгінгі матч үшін өз командамның барлық футболшыларына ризашылық білдіре отырып, осындай қиын кездесудегі жеңісімізбен клубты және барлық жанкүйерлерді құттықтаймын!

Бас серіктес