kz

RU
EN
KZ
Андрей Тихонов: «Қарсыласымыз өте жақсы команда, бірақ біз тек жеңіс үшін ойнаймыз»
«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Ариспен» өтетін ойынға дайындық жайында тілге тиек етті. Матч ертең 19:00-де, «Астана Аренада» басталады.
21 шіл 2021

— Команданың ойынға дайындығы жақсы. Барлығы ертең біздің турнирдегі бірінші ойынымыз екенін, екі кездесуден тұратын маңызды теке-тірес екенін жақсы біледі. Біз жақсы ойын өрнегін көрсетуге және бастысы жеңіске жетуді көздеп отырымыз. Әрине, бізге мүмкін болғандардың ішінен ең қиын қарсылас түскені рас. Мен олардың бірнеше ойындарын тамашаладым: ойындары өте мықты, құрамында жылдам ойыншылар, сондай-ақ көптеген латын футболшылар бар екен. Ертең бізді қиын қарсылас күтіп тұр, бірақ біз тек жеңіс үшін ойнаймыз.

— Ертеңгі кездесуде стадионда жанкүйерлердің болмайтыны анықталды. Бұл ойынға қатты әсерін тигізе ме?

— Әрине, бұл біз үшін жағымсыз жаңалық. Бірақ барлығымыз осы пандемияға тәуелдіміз, жалпы бүкіл әлемде не болып жатқанын өздеріңіз көріп жатсыздар. Бұл жаман, себебі жанкүйерлер бізге үлкен қолдау білдіріп, алға ұмтылуымызға үлкен септігін тигізеді. Бізге олардың жоқтығы білінетін болады.

Бас серіктес