kz

RU
EN
KZ
Андрей Тихонов: «Біздің команда үшін өте маңызды жеңіс»
18 қыр 2021

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Ақтөбемен» (2:1) өткен жеңісті кездесуге қатысты пікірін білдірді.

– Матч оңайға соқпады. Коронавирустан кейін барлық ойыншылардың жағдайы айтарлықтай жақсы емес екені көрінді. Ескертулер көптігіне байланысты Шимунович ойнай алмады, Эуженио «Ақжайықпен» ойында бұлшық етін зақымдап алды және Бейсебеков аурудан кейін небәрі 2-3 күн жаттықты. Оған қоса, Битри де толықтай бабына енбеді.

Жігіттермен киім ауыстыру бөлмесінде сөйлестік. Барлығы көздеген мақсаттарымыздан хабардар және қателікке жол жоқ екенін жақсы біледі. Оның үстіне, матчта ойыншыларға зор көмегін тигізген жанкүйерлеріміз болды. Оларға керемет қолдаулары үшін үлкен рақмет!

Әрине, Марин Томасовтың жарақаты ұнжырғамызды түсірді. Бірақ бұл біздің команда үшін өте маңызды жеңіс. Осы қарқында жалғастырамыз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес