Қазақстан чемпионатының 6-шы туры аясында «Астана» клубы «Қызылжар» командасын 3:1 есебімен жеңді.
Бұл елордалық клубтың бас бапкері Андрей Тихоновтың 10-шы мерейтойлық жеңісі болды.
Андрей Валерьевич команданы 2020 жылы қабылдап, 8 матчта 5 жеңіске қол жеткізіп, ел чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Биылғы маусымды команда экс-капитанның басшылығымен «Шахтерге» қарсы өткен Суперкубоктағы жеңісінен бастады. Ал қазір ел біріншілігінде 6 кездесуде 4 жеңіске жетіп, чемпионатта көш бастады.
Осылайша, Тихонов клуб тізгінін қолға алғалы бері команда 16 матчта 10 ойында жеңіске жетіп, 3 кездесуде тең түсіп, 34 гол соғып, 16 гол өткізді.