kz

RU
KZ
Андрей Тихонов: «0:1 есебінен кейін ойын тізгінін қолға ала алдық»
11 сәу 2021

 

Өз алаңында 0:1 есебімен ұтылып жатқан «Астана» командасы «Атырауды» 6:2 есебімен жеңді.

Матчтан кейін елордалық команданың бас бапкері Андрей Тихонов кездесу туралы өз ойымен бөлісті:

- Өкінішке қарай, матч біз үшін өте сәтсіз басталды, қарапайым жағдайларда көп қателіктер жіберіп, нәтижесінде гол өткізіп алдық. Есеп 0:1 болған кезде ойын тізгінін өз қолымызға алып, біраз қауіпті сәт жасай алдық. Қарсылас қақпасына одан да көп гол соғуға болар еді, бірақ шабуылда әрдайым сабырлық жетіспей жатты. Екінші таймда екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болды, дегенмен біздің қақпашымыз керемет ойын көрсетті. Жалпы, мен бұл жеңіске өте қуаныштымын, әсіресе жігіттердің жаттығуларда істеп жүрген заттарды алаңда орындай бастағаны қуантты.

– Сіз бүгін ойын барысында 5 ойыншыны алмастырдыңыз, олардың кем дегенде біреуі нәтижелі болды, яғни алаңға шыққан Мұртазаев 2 гол соғып, нәтижелі пас берді. Алаңға шыққан ойыншыларға көңіліңіз толды ма?

- Өкінішке қарай, барлығы біз ойлағандай болған жоқ, бірақ біз жаңадан құрылып жатқан команда екенімізді ұмытпаған абзал. Мәселен Айымбетовты алайық, ол «Астана» үшін небәрі екінші ойынын өткізді. Кике Кадето енді дебют жасады, ал Қуат пен Чуперкаға біздің футболға әлі толықтай бейімделуге тура келеді. Бізді әлі талай жұмыс күтіп тұр, бірақ болашаққа сеніммен қараймыз!

Бас серіктес