kz

RU
KZ
Андрей Тихонов: «Жігіттер тоқтап қалмай, тапсырманы орындағандарына қуаныштымын»
27 қар 2020

«Астана» талдықорғандық «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңді.
Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Андрей Тихонов кездесу туралы пікірімен бөлісті:


- Кездесу басында қорғаушылар бір-біріне сеніп қалып, қателік жіберіп, ол қақпамызға соғылған голға алып келді. Қарсыласқа алғашқы минуттан бастап дәл мұндай басымдық беруге болмайды. «Жетісу» өз қақпасына гол жібергеннен кейін, барлық команда мүшелерімен қорғана бастады. Олардың қорғанысын бұзу оңайға соққан жоқ. Дегенмен, біз допты бақылауда ұстап, қарсылас қақпасына қауіп төндірумен болдық. Маған жігіттердің қақпамызға гол жіберіп алғаннан кейінгі қимыл-қозғалысы ұнады. Олар алғашқы минуттан бастап солай ойнаулары қажет болатын. Екінші тайм қиын болды, біздің күшіміз шексіз емес. Команда құрамында екінші күннен үшінші күнге ауысқан режимде төрт-бес ойын өткізіп жатқан футболшылар бар. Жігіттер тоқтап қалмай, прессинг жасап, қарсылас жіберген қателіктерді пайдаланып, алдымызға жүктелген тапсырманы орындағандарына қуаныштымын. Енді «Тобылдың» ойынын күтетін боламыз.
- Алда «Қызыл-Жарға» қарсы бір ойын қалды. 30-шы қараша күні өтетін ойында құрамда өзгерістер орын алуы мүмкін бе?
- Барлығы бүгінгі «Тобылдың» ойынына тікелей байланысты. Егер турнирлік кестеде жоғары көтерілуге мүмкіндігіміз болса, онда, әрине, барлық негізгі футболшылар ойнайтын болады. Егер де, ойын одан әрі турнирлік мәнге ие болмаса, онда маған ойындарын көру қажет болатын жас футболшылар өздерін көрсетуге мүмкіндік алуы мүмкін.
 

Бас серіктес