kz

RU
KZ
Андрей Тихонов: "Қиын, бірақ өте маңызды жеңiс"
02 шіл 2021

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов қарағандылық "Шахтермен" болған матчты қорытындылады (4:3).

– Егер сіз төрт гол соқсаңыз - жауап ретінде одан көп жіберіп алу мүмкін емес. Бүгінгі біздің өткізіп алған голдарымыздың барлығы дерлік біздің футболшыларымыздың қателігінен болды. Әрине, соңғы екі ойыннан кейін сенімсіздік бар: айталық, біз "Ордабасымен" жақсы ойнадық, бірақ орын бердік. "Қызыл-Жармен" қиын бастадық, оныншы минутта есеп 0:2 болды. Бұл – психологиялық сәт, біз оны өзгерттік деп үміттенемін.

Бүгінгі біздің төрт гол соққанымыз шабуылда жақсы ойнайтынымызды көрсетеді. Әрине, біз үй ойыны үшін көп гол жіберіп алдық. Сондай-ақ, біз бұған дейін команда екі орталық қорғаушыдан айырылғанын және соңғы бес ойын барысында қорғаныс орталығында екі жартылай қорғаушы ойнайтынын жақсы түсінеміз: бұлай бір немесе екі матч ойнау мүмкін, бірақ сонда да ойын кезінде позициялық қателiтер болады. Бірақ мен Абзал мен Лукаға ризамын, себебі олар сол сәтте оған төтеп беріп, өз позицияларында емес, басқа позицияда өте жақсы ойнап шықты.

Иә, біз екі матчтан ұтылдық және бұл біз үшін төмен. Ашығын айтайық: мысалы, біздің бәсекелестеріміз – "Тобыл" немесе "Қайрат" командасын алып, олардан екі орталық қорғаушыны бес ойынға алып, оларды жартылай қорғаушылармен алмастырайық. Мысалы,"Тобылда" Тағыберген мен Мужиковты қорғаушы қылып қоятын болсақ, олар осы позицияда ойнай алатынына сенімдімін, сұрақ жоқ! Олар – тәжірибелі жігіттер, бірақ бір сәтте олар да қателесіп кетуп кетуі мүмкін. Бұл – соңғы ойындарда бізбен болған оқиға. Егер біздің қорғаушыларымыз қазір сапта болса, біз қосымша жартылай қорғаушы – екі футболшыны алаңның ортасында босата аламыз. Біздің күшіміз шексіз емес және мұндай толқуда ойнау қиын болды. Бүгін стадионда шамамен + 33 градус ыстық болды, белгілі бір қарқынмен жүру қиын. Әрине, жанкүйерлерді голдардың көптігі қуантты деп ойлаймын, бірақ біз табада отырғандай болдық. Өте қиын болды, бірақ мен жігіттер үшін қуаныштымын! Елестетіп көріңізші, біз жарты жылға жуық бір құраммен ойнап жүрміз.

Бүгін тірек аймақта Исламбек Қуат жетіспеді. Әр ойында біз жартылай қорғаушыдан біреуді жоғалтамыз. Иә, біз көптеген сары карточкаларды аламыз - бұл соңғы уақытта көптеген ескертулер алған дәл сол  футболшылар ойнағанын білдіреді. Өкінішке орай, ойыншылар сары карточкаларды алмауы үшін біз ойындардың соңында аумастырулар жасай алмадық. 

Жігіттерге бұған төтеп бере алғандары үшін өте ризамын. Иә, біз екі ойыннан ұтылдық, бірақ бұл – футбол. Барлық командалар ұтылады және әлі барлығы алда. Бізге қарсы барлық командалар екі есе қуатпен ойнайды, ал біз жанкүйерлеріміз үшін адал ойнаймыз. Біз бір-біріміздің көзімізге адал қараймыз, өйткені бұрындары баспасөзде "Астана" бір дүниені әділетсіз жасады деп көп жазған. Басқа командаларға қараңызшы, олар өздеріне қарап алсын. Алайда мен жанкүйерлерімізді жеңісімен құттықтаймын. Иә, қиын, бірақ өте маңызды жеңiс. Енді соңғы алты ай бойы үздіксіз ойнаған балалар алты күн демалады.

"Қайсармен" келесі ойында Қазақстан Кубогында аз ойын уақытын алған балалар ойнайды. Мүмкін, жастар командасының ойыншылары үшін бірнеше позицияларды ұсынамыз.

Енді алда бәрі ойдағыдай болу үшін біз күшейтуді күтеміз және қалаймыз. Бізде кейбір футболшылармен келіссөздер бола алмады, барлығы "Астанаға" аз ақша табу үшін келгісі келмейді, өйткені біз әлі көп ақша төлей алмаймыз. "Астана" – бұл "түпсіз бөшке" және мұнда үлкен жалақы бар деп ойлайды. Кɵбісі аз ақшаға ойнауға келе алмайды. Бізде команданы жақсы күшейте алатын бірнеше кандидат болды және қазір басқа ойыншылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл да қиын, өйткені біз трансферлерге ақша жұмсай алмаймыз және үлкен жалақы төлей алмаймыз.

Сіз айтып отырған құрамдағы кадрлық мәселелерді ескере отырып, жаңа келген Энео Битриді команданың бастапқы құрамында қашаннан күтуге болады?

– Біз оған 5 шілдеде екінші команда үшін ойнауға уақыт береміз, содан кейін ол кубок ойындары арқылы тәжірибе алады. Сондай-ақ, Жарко Томашевич жақын арада жалпы топқа оралады деп үміттенеміз. Себебі біздің қорғаушыларымыздың өз позицияларында ойнағанын қалаймын, оларсыз өте қиын (күледі).

Бас серіктес