Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Андрей Тихонов кездесу туралы пікірімен бөлісті:
- Өкінішке қарай, бізде бүгін қорғаныста айтарлықтар мәселелер орын алды. Ұлттық құрама ойындарынан кейін, Юрий Логвиненко тізе жарақатымен келіп, негізгі құрамда алаңға шыға алмады. Сондай-ақ Юраның алдыңғы бұлшық еті ауырып, біз оның жалпы ойнай алатынына күмәнмен қарадық. Біз өз қақпа маңымызда өте сәтсіз ойнап, жылдам гол жібердік. Ойынға тек негізгі құрамның 4-5 футболшысымен ғана дайындалдық. Қалған ойыншылар екі күн қалғанда, тіпті Тигран Барсегян ойынға 12 сағат қалғанда командаға қосылды. Ойыншылардың жағдайы әр түрлі болды, өйткені ұзақ рейстер әсер етті, сонымен қатар футболшылардың көпшілігі ұлттық құрамада 2-3 ойыннан өткізді. Бізде өз құрамаларына кеткен футболшылармен қиындық туындады. Себебі, команда сапынан 9 ойыншы ұлттық құрамаларына барып келді. Осы жағдайларға байланысты ойынымыз жақсы болған жоқ. Кездесу барысында Алексей Щеткинде гол соғатын жақсы мүмкіндік болды. Ал қақпамызға жіберген голдарға келер болсақ, қорғаныста мүлде олай ойнауға болмайды. Әрине, қазіргі біздегі жағдай мәз емес, өйткені ойындарға толық дайындалу мүмкін болмай жатыр, сондықтан да қателіктерге бой алдырып жатырмыз. Бұл негізінен тактикалық қателік емес, физикалық шаршаудың салдары.
- «Қайсарға» қарсы ойынға екі күн ғана қалды. Осы қысқа уақытта бірдеңені өзгерту мүмкін бе?
- Қалыпты жаттығу процесі болмаған кезде, не өзгертуге болады? Біз команданы қабылдаған кезде ғана қалыпты 4-5 күн жаттығу жасадық. Одан кейін, қалыпқа келу, ойын, құрама командаларға байланысты үзіліс. Бізбен тек қана негізгі құрамның 4-5 ойыншысы жаттығу жасады. Оған қоса, құрамадан жігіттер жарақатпен оралса, ал Томашевичтің COVID сынамасы оң нәтиже көрсетті. Мұның барлығы біздің қорғанысқа тікелей өз әсерін берді. Әрине, жағдай қиын, бірақ бізде алда үш ойын бар және бәрі өз қолымызда.