"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов "Ақтөбемен" өткен матчтың нәтижесіне (3:2) түсініктеме беріп, конференциялар Лигасындағы келесі ойынға дайындығы туралы айтты.
— Кез келген жеңіс, әсіресе кубоктық жеңіс, бізге керек болды, өйткені топтан тек екі команда ғана шығады. Ɵз алаңымызда ұпай жинау керек.
Біз матчты жақсы бастадық, содан кейін ұзақ доп берiп ойнап қалды, бірақ мен жігіттерден оны мүмкіндігінше аз жасап, тек толықтай сенімді болған кезде ғана жасауға тырысыңдар деп айтамын. Дәл осы сәтте біз ойынды жоғалтып алдық.
Әрине, біз тек "Ақтөбеге" ғана дайындалмадық. Екі күн бұрын бізде ойынға дейін өте ауыр жүктеме болды, сондықтан барлық балалар жақсы жеңiл қалыпта келе алмады және шаршау болды. Біз келесі ойынға жақсы қалыпта келу үшін матчтан жүктеме алғымыз келді, сондықтан бір жеңiл сезiну болмаған шығар.
Бүгін бізбен алғаш рет Энео Битри негізгі командамен бірге ойнады және біз Жарконың қосылуын күтеміз — ол жаттығуды енді бастады. Голдарды жіберіп алдық, өйткені бізде футболшылардың бойы жетпей қалатын кездер болады: қорғаныс алаңында Жарко жете алмай қалады, Битри бізбен ендi ғана бастады, сондықтан қателіктер бар, кей сəттерде түсінбеушілік бар, бірақ мұның бәрі түзетіледі, біз тырысамыз - ол үшін қабiлетiмiз жетедi.
Бүгін Педро ойынға жақсы шықты: біз үзілісте қайта ауыстық, екі жаңа футболшыны шығардық. Эбонг бізде әлі де бастапқы құрамның ойыншысы, ол гол соқты жəне алда ашыла түстi. Иə, түзетуге болатын сәттер бар және біз аздап шаршаңқыраған кезде ойнадық.
— Фатос Бечирайдың дебютін қалай бағалайсыз?
— Ол 4-5 күн жаттығу жасамады, бiз оған 3:1 есебі кезiнде аздап дем алып, ойынды сезіну үшін 15 минут бердік. Алда бізде қайталанатын құраммен бақылау матчы, онда қосымша жүктеме болады. Футболшылар бізге неғұрлым ерте келгенде, соғұрлым олар бізбен көбірек уақыт өткізетін едi. Өздеріңіз де бiлесiздер, барлығы "Астанаға" келе бермейді. Біз бұған дейін үш футболшымен күш біріктіргіміз келді, бірақ нәтиже шықпады, келіссөздер сәтсіз аяқталды. Содан кейін бiзге тез табуға тура келді және мен жаңадан келгендердің бізге қосылғанына қуаныштымын. Педро өте жақсы футболшы, Бечирай әлі де ойынды сезінеді. Біз оның мүмкіндіктерін білеміз, ол Черногория құрамасының ойыншысы, онда 70-тен астам ойын ойнады. Бұл - сапаның көрсеткіші, бұл бізге және оған сенімділік бередi. Бізде уақыт аз, алда бізде қиын ойын болады, бірақ біз тырысамыз.