kz

RU
EN
KZ
Андрей Тихонов «Астана» футбол орталығының жаттықтырушылар құрамымен кездесті
24 қыр 2021

Бүгін негізгі команданың бас жаттықтырушысы Андрей Тихонов пен оның көмекшісі Владимир Ежуров орталықтың жаттықтырушыларымен кездесу өткізді. Оның басты мақсаты - негізгі команданың ішіндегі жұмыстың философиясы туралы айтып беру және әріптестерімен тәжірибе алмасу болды. 
 
«Астана» футбол клубы бір жүйеде жұмыс істеу үшін негізгі команда, жастар құрамы мен футбол орталығының командалары арасындағы сабақтастықты қалыптастыру міндетін қойып отыр.
 
Іс-шара көңілді өтті, онда интерактив өткізіліп, футболшылардың жаттығу процесіндегі маңызды сұрақтарға жауап берілді. Екі тарап та мұндай кездесулердің алдағы уақытта тұрақты болатынын жоспарлап отыр.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес