«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов финляндиялық КуПС (1:1) командасымен өткен ойыннан кейінгі пікірін білдірді.
«Жеңіске жету қолымыздан келмеді. Алғашқы таймда Педроның, Барсегянның есеп ашатын тамаша мүмкіндіктері болды. Мұндай ойындарда міндетті түрде гол салу қажет. Айта кету керек, қарсылас қақпашысы өте жақсы тұрды, бұрыштарға бағытталған доптарды алып шыға алды. Соған қарамастан, аталмыш кездесулерде міндетті түрде кез келген мүмкіндікті голға айналдыру қажет, әсіресе қақпашымен жеке дара шыққан сәттерде. Одан кейін, қарсыласқа гол сыйлап қойдық. Алайда соңына дейін ойнағаны үшін жігіттерге дән ризамын, соңғы сәтте сәттілік біздің жақта болды.
Әрине, көп сәттерде жолымыз болмады, қалай болғанда да жауапкершілігі жоғары ойын. Оның үстіне сырт алаңда ойнағандықтан, нәтиже өте маңызды. Иә, алғашқы таймда қорғаныста өнер көрсетіп, бірден қарымта шабуылдарға дем беріп отырдық. Кейде асығып кеттік, кейде жоқ жерден доптан айырылып қалдық.
Екінші таймды сәтсіз бастадық, жинақталып үлгермедік, КуПС-қа басымдықты беріп қойдық. Қайталап айтайын, алғашқы әрі қонақтағы матч болғандықтан, нәтижеге қатты әсерін тигізеді. Ал ойын түгесілер тұста салған голымызды сәттілік деп айтпас едім, себебі бұған дейінгі пайдаланбаған мүмкіндіктерімізді есептесек, бұл голға толығымен лайықты болдық. Бірақ сонда да, соңғы секундтарда соққанымыз әрине, жолымыздың болғаны шығар.
Жігіттердің ойындағы ерік-жігерлеріне келер болсақ, Қуат ойын ортасында кіріп, жақсы өнер көрсетті, оған жүктеген барлық тапсырмаларды орындады десем болады. Оған қоса, алаңға ауысып шыққан жас ойыншымыз Сұлтан Сағнаев та, Бечирай да жақсы ойнай алды.
Айта кететін жайт, екі таймда да қарапайым сәттерде доптан көп айырылып қалдық. Осының салдарынан басымдық алаң қожайындарында болды. Бірақ КуПС-та, біз де өте сақ ойнадық, қалай болғанда да барлығы алғашқы ойынның нәтижесі өте көп нәрсені шешетінін біледі. Сондықтан біздің тараптан айтарлықтай мықты ойын болмады.
Қайталап айтайын, жігіттер үшін өте қуаныштымын, соңғы минуттарда ойынға үлкен қарқын қосып, есепті теңестіре алдық. Ойыннан соң, қол беріп, үлкен алғысымды білдірдім. Енді алда кубок жолындағы маңызды ойын. Қалай ойнайтынымызды, қандай құраммен ойнайтынымызды алда шешетін боламыз. Өйткені бұл ойында өте көп мөлшерде күш жұмсадық. Жасанды газонда жаттығып жүріп, бірден табиғи алаңға шыққан кезде үлкен айырмашылық бар екені байқалады, әлбетте адаптация, бой үйрету бұл қалыпты жағдай.
1:1 тең нәтиже, енді алдағы уақытқа қойған мақсаттырымызға нық көзбен ұмтыламыз».
«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ