«Астана» футбол клубының көшбасшы ойыншыларының бірі Антонио Рукавина Mozzartsport.com сайтына арнайы сұхбат беріп, маусым қорытындысы және мансабының жалғасуы туралы айтып берді:
– Менің «Астанамен» тағы бір жылдық, яғни 2021 жылдың желтоқсанына дейін бір маусымға келісімшартым бар. Бұл менің мансабымдағы соңғы маусым болады деп жоспарлап отырмын. Бірақ алда не боларын кім біледі, мүмкін, мен бас тарта алмайтын ұсыныс болып қалуы да ықтимал.
Бізде чемпионат басында көптеген мәселелер орын алды. Стадионның жөндеу жұмыстары біз күткеннен кешікті, артынша пандемия басталды. Жергілікті федерацияның шешімімен ойындар Алматыда өтті. Ондағы ауа-райы мен ойындарға арналған жағдай өте жақсы. «Қайрат» командасы барлық ойындарын өз алаңында өткізсе, қалған командалар сыртта ойнауға мәжбүр болды. Осы орайда, Премьер-Лиганың дәл осындай нәтижемен аяқталғаны қисынды деп ойлаймын.
Біз чемпиондық титулды өзімізге қайтарып, еурокубоктерде жақсы маусым өткізгіміз келеді. «Астана» өткен жылмен салыстырғанда, жақсы ойын өрнегін көрсетуі тиіс.