kz

RU
KZ
Антонио Рукавина: «Маусымдағы үзілістен кейін біз үшін ештеңе өзгермейді деп үміттенемін»
20 мам 2020


Қазақстан Премьер-Лигасының ең танымал футболшыларының бірі "Астана" және Сербия Ұлттық құрамасының қорғаушысы Антонио Рукавина "Спорт журналына" сұхбат беріп, онда Нұр-Сұлтан қаласындағы карантинде өткізген уақыты туралы айтып, сондай-ақ, 2020 жылғы футбол маусымы қайта жалғасқаннан кейінгі жоспарларын айтты.
"Астана" футбол клубының баспасөз қызметі аталмыш сұхбаттың қазақша нұсқасын қазақстандық футбол жанкүйерлері назарына ұсынады.
«Соңғы бір жарым айда менің өмірімде орын алған жағдайлар маған мүлде ұнамайды», - дейді «Партизан» және Сербия құрамасының экс-капитаны.
Короновирус пандемиясы кезінде карантинде отыру адамдарға өткен кезеңді, яғни жексенбі күндердегі бос көшелерді және түскі үзілістегі тыныштықты, сондай-ақ түнде тек қана жанармай құятын станциялардың жұмыс жасап тұратын уақытын еске салды.
Антонио Рукавина астанада өткізген карантин кезінде өз болашағын көргендей болды.
— Арада 50 күн өткеннен кейін, мен мансабымды аяқтағаннан кейінгі өмірімнің қалай болатынын түсіндім. Күнделікті тек қана жеңіл жаттығулар, футболсыз өткізген бос уақыт көп болды, — дейді Сербия құрамасының ойыншысы артта қалған күндер туралы.
Рукавина сонымен қатар карантин уақытында өзіне не қатты ұнайтынын түсінгенін атап өтті.
— Мен футболсыз өмірді мүлде басқаша елестететін едім. Қазір басқаша. Маған футболдан кейінгі өмірімнің қалай болатынын тыңғылықты ойлану қажет. Соңғы бір жарым айда өткен бос уақыт маған мүлде ұнамайтынын түсіндім.
Рукавина футболдағы мансабын қашан аяқтайтынын әлі күнге дейін нақты шешкен жоқ. Оның жасы 36-да. Қазір карантин жеңілдетілгеннен кейін, команда маусымның алдағы бөлігіне дайындықты жалғастыратын болады.
— Бізге маусымды 1 маусым күні жалғастырамыз деп жариялаған еді. Алайда, нақты солай болады дей алмаймын. Үкімет шектеу шараларын айдың соңына дейін жалғастыратынын айтты. Бір жақсы жаңалық, қала аралық әуежайлар ашылып, біздің ойындарға қатынайтын мүмкіндігіміз артып отыр. Бұл біз үшін өте маңызды дүниелердің бірі. Ойындар басталмас бұрын, алдымен қалыпты жаттығу жиындарына оралуымыз қажет. Бірақ, оның да нақты уақыты белгісіз. Мен бір-екі аптадан кейін алаңға ораламыз деп ойлағанмын. Алайда, ол мүмкін емес. Біз енді ғана жеңіл жаттығуларды жасап бастадық.
"Астана Арена" стадионының жасанды алаңы қайта төселіп жатқандығына байланысты, қалыпты жасттығу жұмыстарына оралу да мүмкін болмай тұр. Коронавирус індетінен туындаған Карантин бұл жұмыстарды баяулатты.
— Жаттығу алаңдары біз үшін әлі де дайын емес. Біз қала ішіндегі кішкентай алаңда жаттығуға мәжбүрміз. Біз қаладағы үлкен алаңда жаттыға алмаймыз. Сондықтан, бар мүмкіндікті пайдаланып, қолдан келгенше спорттық бабымызды сақтап, допты сезінуге тырысып жатырмыз. Әлі футбол ойнап жатқан жоқпыз. Қашан бастайтынымыз да нақты белгісіз, — деп "Астана" қорғаушысы Антонио Рукавина өз сөзін қорытындылады.
«Астана» маусымды өте жақсы бастады. Үшінші жыл қатарынан Суперкубокты ұтып алып, алғашқы үш турда екі жеңіске жетіп, бір тең ойын өткізу арқылы жетінші чемпиондыққа жорықты сәтті бастады. Команда үзіліске бірінші орынмен аттанды.
— Біз маусымды өткен жылмен салыстырғанда сәтті бастадық. Біз маусым соңында болғымыз келетін позицияға, бірден орналасып алдық. Үзілістен кейін біз үшін ештеңе өзгермейді деп үміттенемін. Біздің жоспарымыз — Кубокты жеңіп алу арқылы, «Астана» ойыншыларының бірде бір буыны жетпеген нәтижеге қол жеткізу. Кубок біздің команда үшін әрдайым қиындық тудырып келген. Себебі, оның ойындары еурокубоктермен бір уақытқа сай келетіндіктен, біз үшін еурокубок кездесулері алдыңғы қатарға шығып отырды. Біз барынша Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығу үшін күресетін боламыз. Егер, Еуропа Лигасына жолдама алып жатсақ, ол да жаман нәтиже болмайды.
Қазақстанның «Үш тәжіне» 2008 жылы тек «Ақтөбе» командасы ғана қол жеткізген болатын.

Бас серіктес