kz

RU
KZ
Антонио Рукавина: «Біз биыл да чемпиондыққа қол жеткіземіз деп үміттенемін»
«Астана» футбол клубының қорғаушысы Антонио Рукавина Sports.kz республикалық интернет-порталына арнайы сұхбат беріп, елорда командасы сапындағы алдағы жоспары туралы ойымен бөлісті:
10 шіл 2020

— Антонио, Сіз қазіргі уақытта шетелдік футболшылар арасындағы Қазақстан Премьер-Лигасының жасы ең үлкен ойыншысы болып табыласыз (Ненад Эричті есепке алмаймыз, ол біздің қазақстандық). Бұл фактіге қалай қарайсыз?
— Менің бұл ақпараттан хабарым болған жоқ (күледі). Бірақ мен үшін жыл - бұл жәй ғана сан. Ең бастысы адамның іштей өзін қалай сезінгені маңызды. Ал футболда сенің денсаулығың маңызды. Шын мәнінде, мен өзімді жасы келген ойыншы ретінде санамаймын. Өзімді өте жақсы сезінемін.
— Сіздің «Астанамен» келісімшартыңыз 2021 жылғы маусымның соңына дейін. Оны соңына дейін өткеру ойыңызда бар ма?
— Мен осыған дейін айтқанымдай, қазір өзімді жақсы сезінемін және келісімшарт аяқталғанша клуб құрамында ойнайтын боламын. Барлығы жақсы болып, денсаулығым оған мүмкіндік береді деп үміттенемін.
— Қазіргі уақытта Сіздің және Эричтің отбасы Қазақстанға ұшып келді деп естідік. Көктемгі карантин кезіндегідей Ненад екеуіңіз кезектесіп ас дайындауды доғарған боларсыздар?
— Біздің отбасымыз орын алған жағдайға байланысты әлі де келе алмай жатыр. Жақын уақытта бірге боламыз деген үміт бар. Ал тамақ дайындауға келер болсақ, біздің жолымыз болды. Қазір мейрамханалар жұмыс жасап тұр (күледі).
— 1 шілде күні ҚПЛ қайта жалғасып, бір ғана турдан кейін тағы да тоқтап қалды. Бірақ, «Астана» ойын кестесіне байланысты бұл турда ойнаған жоқ. Бұл жағдай команданың психологиялық және физикалық дайындығына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
— Бұл жағдай маусым басынан бері барлығымыз үшін өте қиын болып жатыр. Бапкерлер құрамы, футболшылар және клуб үшін өте ауыр. Дегемен, осы уақыт аралығында демалыс пен жаттығулардың ең дұрыс стратегиясын жасаған команда, бұл жағдайдан жақсы шығады деп ойлаймын.
— Жақында ғана Антонио Рукавина есімді Сізден бір жас кіші хорватиялық футболшы бар екенін байқап қалдым (2012/2013 маусымда Әзірбайжанда «Тұран» командасы сапында ойнаған, Sports.kz).Сізді осы бір футболшымен жиі шатастыра ма?
— Мен ол ойыншы туралы естігенмін, алайда, жеке таныстығым жоқ. Көптеген жандар менен ол ойыншы туралы сұраған. Дегенмен, мені басқа бір ойыншымен шатастырған сәттер болған емес.
— «Кайрат» сапына атақты бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав қосылды. Бұл басты қарсыластарыңыздың чемпиондыққа деген мүмкіндігін арттырады деп ойлайсыз ба?
— Әрине, «Қайрат» Вагнер Лавтың келуімен күшейе түсетіндігі анық. Дегенмен, біздің құрамда да мықты ойыншылар жетерлік. Сондықтан да біз осы жылы тағы бір мәрте чемпион атанамыз деген үміттемін.
— Сіз сербиялық БАҚ өкілдеріне «Астанамен» бірге «үш тәжді» жеңу басты мақсатымыз деген пікір білдірген едіңіз. Бұл шын мәнінде Сіздің көзқарасыңыз ба?
— Әрине, бұл менің пікірім. Бұл жерде бір анықтай кететін дүние, мен «үш тәж» деген кезде Чемпиондар Лигасын немесе Еуропа Лигасын жеңіп алу туралы айтқан жоқпын (күледі). Мен Чемпиондыққа қол жеткізіп, Кубокта жеңіске жетіп және еурокубоктардың топтық кезеңіне шығу туралы айтқан болатынмын. Бұл міне нағыз - «үштік тәж» (күледі).
— «Астана» футбол клубының 2020/2021 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңіндегі мүмкіндігін қалай бағалайсыз?
— Ол жақта ойнау жыл сайын қиындап бара жатыр. Осы жылы қазіргі орын алған жағдайға байланысты мүлде қиын болары анық. Біз алдағы уақытта ойындарды ойнап бастаймыз деген үміттемін. Бірақ, ең бастысы - денсаулық екені сөзсіз.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ.
 

Бас серіктес